Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

04 ақпан 2020

23

Жаңалықтар

ТАЛДЫҚОРҒАН: ҚАҢТАР АЙЫНЫҢ ТЕКСЕРІСІ АЯҚТАЛДЫ

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің сертификаттау барысында қойылатын талаптарының бірі – сертификат алған мекемеде ай сайын тексеріс жұмыстарын жүргізіп тұру. Тексеріс айдың кез-келген он күндігінде жүргізіледі.

Қаңтар айында Талдықорғандық өкілдік те өз бақылауындағы мекемелерде айлық тексеріс жұмыстарын жүргізді.

Талдықорған бойынша  жауапты өкілі Медетбеков Аманның «Флора» ет орталығы, «Мясной двор», «Исмайл», «Нарат», «Арафат», «Базилик», «Тандоор» мекемелеріне жүргізген бақылау нәтижесі бойынша – барлық мекемелер халал стандарт талаптарын толықтай сақтап, қызмет етіп жатқандығы анықталды. Тексеріс – оң нәтижені көрсетті.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: