АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ: Бақылау-қадағалау жұмысы аяқталды
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Алматы қаласы бойынша бекітілген өкілі Чадаев Маратхан өз аумағында қаңтар айындағы кезекті тексеріс жұмыстарын толықтай аяқтағанын хабарлады.
Бірнеше күнге созылатын тексерістің соңғы күнінде ЖК «Ибрагимов», ЖК «Джакупов» ет дүкендері, қаладағы «Тағам» асханалар желісінің барлық нүктелеріне бақылау-қадағалау жұмысы толықтай дерлік орындалды.
Айлық бақылау нәтижесі бойынша, Алматы қаласы аумағындағы сертификатталған мекемелерде халал стандарт талаптарын бұзыушылық жағдайлары кездеспеді. Тексеріс оң нәтижені көрсетті.
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі