Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

21 ақпан 2020

39

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ: «ТРАПЕЗА» КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАУДАН ӨТУДЕ

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Чадаев Маратхан «ҚМДБ халал» стандартына сәйкес сертификаттаудан өтуге ниет білдірген, «Трапеза» кәсіпорнында сертификаттау жұмыстарын жүргізуде.

«Сердичи» жеке кәсіпкерлігінің иелігіндегі "Трапеза" сауда белгісімен
100-ден аса наубайхана және кондитерлік өнімдер өндіріліп, еліміздің барлық аймақтарына тасымалданады. Сонымен қатар, көршілес Қырғызстан Республикасына да экспортталады.

Кәсіпорын жоғары сапалы өнім өндіруге қауқарлы соңғы технологиялық құралдармен жабдықталған.

Халалдың маманы Чадаев Маратхан мекеменің өндіріс барысымен толықтай танысқаннан кейін, «ҚМДБ халал» стандарты бойынша өнім өндіру, дайындау, өңдеу, тасымалдау, сату, тағамдық қызметтер, «Е тағамдық қоспалар», халал өнімдер технологиясы бойынша кәсіпорын қызметкерлеріне дәріс оқыды.

 «Трапеза» өнімдерін өндіруші «Сердичи» жеке кәсіпкерлігін сертификаттау жұмыстары алдағы уақытта жалғасатын болады.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: