Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

23 ақпан 2020

25

Жаңалықтар

БҚО: «ЖАЙЫҚ ЕТ» ЖӘНЕ «ВЫСШИЙ СОРТ» КӘСІПОРЫНДАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Батыс Қазақстан облысы бойынша жауапты маманы Асылбеков Асхат өз қарамағындағы кәсіпорындарды ақпан айының кезекті тексерісінен өткізді.

Жоспар бойынша, жақында ғана «ҚМДБ халал» стандарты бойынша жұмыс бастаған «Жайық ет» құс фабрикасын тексеру күн тәртібіне қойылған болатын.Тексеріс барысында құс фабрикасының барлық жұмыс кезеңінде «ҚМДБ халал» стндарты талаптарының қатаң сақталуы қадағаланды. Құстың инкубаторда өсірілуі, құс жемі ретінде таза өнімді қолдану, «Бисмиллах» айтып қолмен бауыздау секілді халал стандарт талаптарының қатаң сақталуы қадағаланды. Сонымен қатар, сулы ванна температурасы, конвейрде айналу ұзақтығы, салқындатқышта ұстау уақыты секілді жұмыстардың орындалу ұзақтығының халал стандартқа сәйкес келуі назарға алынды.
   Сонымен қатар, 13 түрлі шұжық өнімдерін өндіретін, БҚО аумағындағы алып шұжық цехтарының бірі – «Высший сорт» кәсіпорнына ат басы бұрылды.
    Екі мекемеге жүргізілген тексеріс қорытындысы бойынша, кәсіпорындвр қызметі мен өнімдерінде халал стандарт талаптарын бұзушылық жағдайлары анықталмады. Кәсіпорын өнімдері толықтай «ҚМДБ халал» стандарты талаптарына сай.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: