АҚМОЛА: КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕКЕМЕЛЕР АЙЛЫҚ ТЕКСЕРІСТЕН ӨТТІ
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Ақмола облысы бойынша жауапты өкілі Муталов Науан өз бақылауындағы кәсіпорындарда ақпан кезекті айлық тексеріс жұмыстарын өткізді.
Айлық тексеріс бойынша Көкшетау қаласындағы «ҚМДБ халал» сертификатына ие болған барлық мекемелерге түгелдей дерлік бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын.
Бекітілген тізім бойынша, «Баракат» дәмханасы, «Firdaus» палау орталығы, «Lotos» қақталған ет дүкені, «Istanbul bakery» , «Zaityn» дәмханасы, «Үрімші» кафесі, «Науан Хазрет» мешітінің асханасы секілді мекемелерде халал стандарт талаптарының сақталуы мен орындалуы басты назарға алынды.
Тексеріс қорытындысының актісіне сәйкес, жоғарыда аталған мекемелерде стандарт талаптарын бұзушылық жағдайлары орын алмады.
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі