АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ: КӘСІПОРЫНДАР АҚПАН АЙЫНЫҢ ТЕКСЕРІСІНЕН ӨТУДЕ
Алматы қаласындағы «ҚМДБ халал» сертификатына ие болған барлық мекемелер ақпан айының кезекті тексерісінен өтіп жатқаны белгілі.
«Халал Дамудың» Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Чадаев Маратхан және аудандық көмекші имамдар «Халал Сұлтан» шұжық цехы, «Alani kebab» дәмханасы, мұздатылған жартылай дайын өнім өндіруші «МясоЛюб Трейд» ЖШС-н кезекті бақылау-қадағалаудан өткізді.
Тексеріс актісінің нәтижесіне сәйкес жоғарыда аталған мекемелерде «ҚМДБ халал» стандарты талаптарын бұзушылық жайттары анықталмады. Тексеріс оң нәтижені көрсетті.
Алдағы күндері қала аумағындағы өзге де кәсіпорындар айлық тексерістен өткізілетін болады.
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі