Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

24 ақпан 2020

23

Жаңалықтар

ПАВЛОДАР: КӘСІПОРЫНДАРДА АҚПАН АЙЫНЫҢ ТЕКСЕРІСІ ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Павлодар қаласы бойынша жауапты өкілі Темірғалиев Серік өз бақылауындағы мекемелерде айлық тексеріс жұмыстарын өткізуде.

«ҚМДБ халал» сертификатына ие болған «Тағам» асханалар желісі, «Баянтау» қымызханасы, «Есенгелді» жеке кәсіпкерлігіне қарасты ет дүкені және Ақсу қаласындағы  «Қызылжар-құс» құс фабрикаларына арнайы барды.

Кәсіпорындардың халал стандарт талаптарын сақтай отырып өнім өндіруі, өндіріс барысында тек рұқсат етілген өнімдердің қолданылуы қадағаланды.

Тексеріс барысында ҚМДБ халал стандарты талаптарын бұзушылық, рұқсат етілмеген өнімдерді қолдану, бекітілген ережелерді сақтамау секілді жағдайлар анықталмады.

Өңірдегі сертификаттаудан өткен өзге мекемелер ақпан айының соңына дейін тексерілетін болады.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: