Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

24 ақпан 2020

110

Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «САЙРАМ СҮТ», «ХАН», «НӘРЛЕН» КӘСІПОРЫНДАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Жақында Бас мүфтидің бұйрығымен ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Түркістан облысы бойынша жауапты өкілі қызметіне тағайындалған Қуаныш Мәжіт өз аумағына қарасты сертификаттаудан өткен кәсіпорындарда айлық тексеріс жүргізуді бастады.

Айлық тексерістің алдыңғы легінде Сайрам ауданы, Қарасу ауылында орналасқан «Сайрам сүт» мекемесі мен Ақбұлақ ауылындағы «Хан» сүт фабрикасы тексерілді.

Аталған мекемелер Түркістан аймағын ғана емес, еліміздің бірқатар өңірлерін сүт, айран, ірімшік, творог, құрт секілді түрлі сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Екі сүт фабрикасының жұмыстары толығымен халал стандарт талаптарына сай. Тек, "Сайрам сүт" фабрикасы басшылығына санитарлық тазалықты қадағалау бойынша ескерту берілді.

Сонымен қатар, Қазығұрт ауданы, Қақпақ ауылында орналасқан 67 түрлі шұжық өнімдерін өндіретін «Қарқын 2030» ЖШС-на қарасты «Нәрлен» шұжық цехында да бақылау жұмыстары жүргізілді.

«Сайрам сүт», «Хан», «Нәрлен» мекемелеріне жүргізілген тексерістің қорытындысы бойынша, өндіріс барысында ҚМДБ халал стандарт талаптары толықтай орындалатындығына көз жеткізілді. Тексеріс оң нәтижені көрсетті.

ҚМДБ халал өнімдерін стандаттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: