Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

25 ақпан 2020

25

Жаңалықтар

АҚМОЛА: «КРОЧКА РЯБА» ҚҰС ФАБРИКАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

«ҚМДБ халал» сертификатына ие болған еліміздің солтүстік өңіріндегі алып құс фабрикалардың бірі «Курочка Ряба» кәсіпорнында ақпан айының кезекті тексеріс жұмыстары жүргізілді.

«Курочка Ряба» құс фабрикасы Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылында орналасқан.

Кезекті айлық тексеріс жұмысына халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Ақмола облысы бойынша жауапты өкілі Науан Мүтәлұлының тапсырмасымен Целиноград ауданының бас имамы Ә.Жапишев қатысты.

«Ақмола Феникс» және «Сapital Projects LTD» жеке шаруашылық бірлестіктеріне қарасты құс фабрикасы - еліміздің солтүстік өңірін толығымен құс өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.

Мекеме күніне 6 мың құс союға арналған қасапхана және 20 мың тонна құс етін өндіруге қауқарлы заводпен қамтамасыз етілген. Қасапханада 4 қасапшы халал стандарт талаптарына сай құсты қолмен бауыздайды. Конвейрде айналуы 3 минут 47 секунд, сулы ванна температуарсы (ошпарка) 51/53 градус аралығында. Дайын өнім 2 сағаттан артық салқындатқышқа қойылады. Құс жемі ретінде арнайы Германиядан тасымалданатын таза азық қолданылады.

Тексеріс барысында құстардың азығынан бастап, тасымалдануына дейінгі барлық процесс жеке-жеке қарастырылды.

Халал өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптарды бұзушылық жағдайлары анықталмады. Қорытынды акт оң нәтижені көрсетті.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: