Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

26 ақпан 2020

52

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ: «ҚАҒАНАТ» АСХАНАЛАР ЖЕЛІСІН ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің бақылауындағы «Қағанат» асханалар желісі ақпан айының басында сертификат мерзімінің аяқталуына байланысты сертификатын қайта жаңартқан болатын.

Бөлім меңгерушісі С.Сейтбеков тарапынан асхана басшылығына алдағы уақытта ай сайын тұрақты тексеріс жұмыстары жүргізіп тұратындығы және қатаң қадағалатындығы ескертілді.

Көп уақыт өтпей-ақ, «Халал Дамудың» Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Чадаев Маратхан «Компания Қағанат сервис» ЖШС-ң Алматы қаласындағы 20 желісінде тексеріс жұмыстарын жүргізуді қолға алды.

Бақылау-қадағалау барысында тамақтандыру қызметтері, халал өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарттарының сақталуы басты назарға алынды.

Тексерістің алғашқы легінде қадағаланған асханалар желісінде «ҚМДБ халал» стандарты талаптарын бұзушылық жағдайлары анықталмады. Алдағы күндері «Қағанат» асханалар желісінің қалған бөлігі халал стандарт талаптарын сақтау және орындау талаптары бойынша тексерілетін болады.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: