Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

27 ақпан 2020

34

Жаңалықтар

ҚОСТАНАЙ: «ALTYN ET» ҚАСАПХАНАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Еліміздің барлық өңірінде жалғасын тауып жатқан ақпан айының кезекті тексеріс жұмыстары  Қостанай облысында да өз жалғасын табуда.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Қостанай облысы бойынша жауапты өкілі Алишер Балахмет өз аймағына қарасты «MEAT MALL» жеке шаруашылық серіктестігіне қарасты «Алтын ет» қасапханасында бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізді.

Тексеріс барысында мал бауыздау және союға қатысты қойылатын ҚМДБ халал стандарты талаптарының орындалуы мен сақталуы назарға алынды. Малды қолмен, әрі, «Бисмиллаһ» айтып бауыздауы, мал сою барысында өткір, қалыңдығы мен ұзындығы стандартқа сай пышақты қолдануы, бір малдың көзінше өзге малды соймауы, қинамауы,  малды бауыздағаннан кейін қан ағызу ұзақтығының бекітілген уақытқа сәйкес келуі, мал етін өңдеу, сақтау, сату, тасымалдау секілді процесстердің барлығында халал стандарт талаптарының жүйелі жүзеге асуы ескерілді.

Қорытынды актіге сәйкес, тексеріс барысында ҚМДБ халал стандарты талаптарын бұзу немесе сақтамау жағдайлары анықталмады.

Естеріңізге сала кетсек, бұрын «Beafstream» атауымен тіркелген қасапхана  қазіргі уақытта «Meat Mall» атауына өзгертілді.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: