Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

27 ақпан 2020

32

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ: «АНСАР ХАЛАЛ» ШҰЖЫҚ ЦЕХЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Өз аумағындағы сертификатталған мекемелерде бақылау-қадағалау шараларын белсенді түрде өткізіп жатқан өңірлік жауапты өкіл Чадаев Маратхан кезекті айлық тексерісті «Ансар халал» шұжық цехында жүргізді.

«Ансар халал» шұжықтары алғашылардың бірі болып, «ҚМДБ халал» стандартына сәйкес өнім өндіруді қолға алған, бірнеше жыл қатарынан «Халал Дамудың» бақылауында жұмыс жасап келе жатқан кәсіпорын.

Шұжық цехының өндіріс барысында қолданатын қоспалары мен дайын өнімдері 6 ай сайын зертханалық тексеріске жіберіліп, ай сайын кезекті айлық бақылаудан өткізіліп тұрады.

Тексеріс барысында, халал өнімдерді өндіру, өңдеу, тасымалдау және сатуда бекітілген халал стандарт талаптарының сақталуы қадағаланды. Сонымен қатар, санитарлық тазалық мәселесі де назардан тыс қалмады.

Чадаев Маратхан жүргізген ақпан айының кезекті тексерісінің нәтижесі бойынша, «Ансар халал» шұжық цехында халал стандарт талаптарын бұзу жағдайлары анықталмады.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: