«ШАМАХСУТОВ» ШҰЖЫҚ ЦЕХЫ ТЕКСЕРІЛДІ (ФОТО)
Жамбыл облысында «ҚМДБ халал» сертификатына ие болған шұжық цехтары мен өзге де кәсіпорындарды кезекті айлық тексерістен өткізу мақсатына арнайы іссапарда жүрген бөлім меңгерушісі С.Сейтбеков пен өңірлік жауапты өкіл Н.Миразизов және технолог мамандар Е.Мақсұтова, А.Бақытқызы «Шамахсутов» шұжық цехында болды.
1993 жылы өз жұмысын бастаған «Шамахсутов» кәсіпорны шұжықтың 30-дан аса түрін өндіріп, еліміздің бірқатар өңірлеріне тасымалдайды.
Шұжық өндірісі нарығында 20 жылдан аса уақыт бойы жұмыс жасап келе жатқан мекеменің «Шах», «Батыр», «Триумф», «Империя», «Бахруз», «Дәстүр» сауда белгілерімен шығарылатын өнімдері тұтынушыларға кеңінен танымал.
«Халал Дамудың» мамандары «Шамахсутов» кәсіпорнын халал өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату стандарты талаптарының орындалуы мен қадағалануы бойынша тексерістен өткізді.
Шұжық цехы санитарлық тазалықты толықтай сақтай отырып, өнім өндіру барысында тек шариғатқа сай, рұқсат етілген, «Халал Дамудың» технолог мамандармен бекітілген мекемелердің ғана шикізат өнімдерін(ет, май, тауық еті т.б), тағамдық қоспаларын қолданатындығы анықталды.
Тексеріс кезінде, өнім өндіруге қойылатын халал стандарт талаптары мен тәртіптерін бұзу жағдайлары анықталмады.
«Шамахсутов» шұжық өнімдері «ҚМДБ халал» стандартына толықтай сай.
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі