Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

28 ақпан 2020

97

Жаңалықтар

СМАЙЛ СЕЙТБЕК ТАРАЗДА ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ

Бүгін күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі, "Халал даму" ЖШС директоры  Сейітбеков Смайыл Сүйірқұлұлы облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде жұма уағызын жүргізді.

"Адамға алғыс айтпағанның, Аллаға шүкірі жоқ" тақырында өткен жұма уағызында алыстан арт артып келген дін маманы халықты әсерлі насихатына ұйытып, шүкірдің түрлеріне тоқталып өтті. «Иә, жақсылықтың қарымы дәл сондай жақсылық емей немене?!» деп "Ар-Рахман" сүресінде айтылғандай шүкіршілік жасай отырып адам қандай рухани жетістікке жететінін және шүкіршілік бар жерде арту бар екенін тілге тиек етті. 

Көпке танымал "Иман негіздері" кітабының авторы Смайыл Сейітбеков жамағатқа жұмалық үгітті жақсы жеткізе білді. Айта кету керек, Смайыл мырза кеше ақшам намазынан кейін Жамбылдық жұртшылықпен арнайы кездесу де өткізген болатын.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі https://asyldin.kz/article/view/id/17103.html

Бөлісу: