«ДӘСТҮР» КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие, халық жиі тұтынатын, алайда құрамына аса мән беріле бермейтін өнімдердің бірі – кондитерлік өнімдер.
Түрі көзтартарлық болып, дәмі тіл үйіргенімен құрамына аса зер салмаса, рұқсат етілмеген күмәнді қоспалардың кездесуі әбден мүмкін.
Халал кондитерлік өнімдер санын арттыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласындағы тағы бір мекем сертификатталды.
2:2016 «Тамақтандыру қызметтері» және 3:2016 «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сәйкес сертификатталған «ДӘСТҮР» жеке кәсіпкерлігіне «ҚМДБ халал» сертификаты берілді.
«Дәстүр» кондитерлік кәсіпорынның 52 түрлі өнімі, нақтырақ айтқанда, торттың 20 түрі, кекс және печеньенің 12 түрі, пирогтардың 20 түрі тексеріліп, сертификатталды.
Технологтар жоғарыда аталған кәсіпорынның кондитерлік өнімдер дайындау барысында қолданатын барлық шикізат өнімдері мен тағамдық қоспаларын тексерістен өткізіп, сәйкес келмегендерін рұқсат етілген өнімдермен алмастырды.
«ДӘСТҮР» кәсіпорнының кондитерлік өнімдерін Нұр-Сұлтан қаласы, Р.Қошқарбаев дағылы 33/1 мекенжайынан ала аласыздар.
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі