ҚАРАҒАНДЫ: ХАЛАЛ ЖӨНІНДЕ АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
ҚМДБ-ның "Халал Даму" бөлімі бойынша Қарағанды облысындағы жауапты өкілі, "Күнгей" мешітінің имамы Абрахманов Ысқақ қажы адал астың адамзатқа пайдасы мен қоғам өміріндегі маңызы жайында ақпараттандыру ісіне басымдық берді.
Қасиетті жұма күні облыстық және қалалық мешіттерде насихат жұмыстарын жандандырып, мешітке келген халық пен жамағатқа "Адал ас - денсаулық кепілі" тақырыбында даярланған кітапшалар таратты.
ҚМДБ-ның ресми сайтынан жинақталып, өзекті ақапараттар мен кеңестер топтастырылған кітапшада "Халал индустриясы дегеніміз не?", "Халалдың қоғам үшін қандай пайдасы бар?", "Сертификаттау не үшін қажет?, "Халалдың шариғи және медициналық пайдалары" т.б құндылықтар қамтылған. Тегін таратылған кітапшаны таратудағы мақсат - адал мен арамды ажыратып, тән мен жан саулығына басты назар аудару. Ішкен асымыздың адалдығы дұрыс ойлау, өзіне де, қоғамға да зиян тигізбей әділетті болуға бастайды. «Халал» - рұқсат етілген нәрсе деген ұғымды беретін болса, оған қарама- қарсы «харам» сөзі - тыйым салынған деген мағынада қолданылады. Бұл негізінен мұсылман әлеміне тән сөз.
Алла Тағаланың: «Сендерге Алла өлексені ( арам өлген малды), қанды, доңыз етін және Алладан басқаның атымен бауыздалғанды арам қылды» деген Құранда айтқан үкіміне орай мұсылмандар астың халал не халал еместігіне қатты мән береді. Сондай-ақ «Жақсы нәрселерді халал, жаман нәрселерді арам қылды» деп баяндалатын Құрандағы нұсқаулардың, қазіргі ғылым өркендеген заманда, «жаман, харам» деп аталғандардың шын мәнінде адам баласы үшін зияны ұшан-теңіз екендігі дәлелденген. Сондықтан халал ас жеудің пайдасы, оның қоғамға тигізер әсері, түрлі аты жаман аурулардың алдын алу үшін харам етілген нәрселерді пайдаланбаудың маңызы зор.
Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметіhttp://ihsan.kz/kk/news/view/8575
Барлық құқықтары қорғалған.
Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Ihsan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.