Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

01 наурыз 2020

30

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ: АҚПАН АЙЫНЫҢ ТЕКСЕРІСІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ

Еліміздегі «ҚМДБ халал» сертификатын ие болған кәсіпорындардың басым көпшілігі Алматы қаласында орналасқаны белгілі. Ақпан айның басында басталған  тексеріс жұмыстары айдың аяғында өз мәресіне жетті.

«Халал Дамудың» Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Чадаев Маратхан мен аудандық көмекші-бақылаушылар жоспарлы тексерістің соңғы легінде «Чичек Мангал» дәмханалары,  «TNT brothers» жеке кәсіпкерлігіне қарасты «We’d Meat» кафесі, «Tiens - Казахстан» және «Biotmin»биологиялық белсендіргіш қоспалары, «Қағанат» асханалар желісінің барлық нүктелері түгелдей дерлік тексерілді.

Алдыңғы күндері Халал Сұлтан» және «Қарқын 2030» ЖШС-на қарасты «Нәрлен» шұжық цехтары, «Alani kebab» дәмханасы, мұздатылған жартылай дайын өнім өндіруші «МясоЛюб Трейд» ЖШС-да тексерілген болатын.

Тексеріс актісінің нәтижесіне сәйкес жоғарыда аталған мекемелерде «ҚМДБ халал» стандарты талаптарын бұзушылық жайттары анықталмады.  Тексеріс оң нәтижені көрсетті.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: