Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

02 наурыз 2020

31

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ: «АСАТУ» КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТ ЖАҢАРТТЫ

Алматы қаласы, Ұлжан ықшам ауданы, Жаңалық көшесі, №508 үй мекен-жайында орналасқан Игиликова жеке кәсіпкерлігіне қарасты «Асату» кондитерлік өнімдері сертификат жаңартты.

Бір жыл бұрын берілген сертификат мерзімінің аяқталуына байланысты, «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Маратхан Чадаев мекеменің өндіріс аймағында бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізді.

Алдыңғы сертификат мерзімі аяқталғанға дейін де, «ҚМДБ халал» стандартына сәйкес жұмыс істеп, жергілікті бақылаушы мамандардың қадағалауында болғандықтан, ай сайын тұрақты тексеріс жұмыстары жүгізілгендіктен, «Асатау» кондитерлік өнімдерінен стандарт талаптарын бұзушылық жағдайлары анықталмады.

Шикізат көздері мен тағамдық қоспалары,  өнім дайындау технологиясына қатысты технолог мамандардың бір ай бойы жүргізген тексерісінен кейін,  Чадаев Маратхан «Асатау» мекемесінің басшылығына «ҚМДБ халал» сертификатын табыстады.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: