ҚЫЗЫЛОРДА: АРАЛДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ
ҚМДБ-ң Қызылорда бойынша өкілдігі, Арал аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен аудандағы жергілікті кәсіпкерлермен кездесу өтті.
Кездесуге Қызылорда облысының Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы, ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің облыстағы жауапты маманы Перизат Шарапатова, "Зекет" қайырымдылық қорының аймақтағы өкілі Оңталап Тасболатұлы, Арал аудандық орталық мешітінің бас имамы Қайырхан Табысұлы, кәсіпкерлер палатасының аудандық филиал директоры және кәсіпкерлер қатысты.
Сұхбат барысында адалл кәсіп берекесі, адал ас өндіру, халал индустриясы мен тағам технологиясы, сертификаттаудың мақсаты мен зекет берудің пайдасы түсіндіріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.
ҚМДБ-ң Қызылорда облысы бойынша
жауапты өкілдігінің баспасөз қызметі