Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

02 наурыз 2020

64

Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ: ҚАЛАДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР ТОЛЫҚ ТЕКСЕРІЛДІ

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Шымкент қаласы бойынша жауапты өкілі Сарыбаев Қазыбек Шымкент қаласы бойынша сертификатталған барлық дәмханалар мен дүкендердің толықтай тексерілгенін хабарлайды.

Шымкент қаласы «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталған кәсіпорындар санының ауқымдылығы бойынша үздік үштіктің қатарында.

Ақпан айының басынан бастау алған кезекті айлық тексеріс, ай соңында өз мәресіне жетті.

Тексеріс барысында «Айкан» кәсіпкерлігіне қарасты «Эмир» сауда белгісімен шығатын сүт өнімдері зауыты, «ДДД», «Исфиджаб» шұжық цехы секілді ірі кәсіпорындар мен қаладағы барлық шағын кәсіпорындар, яғни, ет дүкендері, кондитерлік өнімдер мекемелері,  асханалар мен дәмханалар түгелдей дерлік тексерілді.

«Халал Дамудың» технолог мамандарымен тығыз байланыста, әрі, жергілікті жауапты маман Сарыбаев Қазыбектің жіті қадағалауымен жұмыс жасайтын дәмханалар мен дүкендерден халал стандарт талаптарын бұзушылық, рұқсат етілмеген өнімдер мен шикізат көздері, тиым салынған қоспалар қолдану жайттары анықталмады. Барлық кәсіпорын бекітілген тәртіп бойынша жұмыс атқаруда.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: