ЖАМБЫЛ: «ӘУЛИЕ-АТА ФЕНИКС» ҚҰСФАБРИКАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
«Халал Даму» мамандарының Жамбыл облысындағы іссапардың соңғы күнінде Байзақ ауданы, Мырзатай ауылында орналасқан «Әулие-ата Феникс» құсфабрикасы тексерілді.
Тексеріске ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі Смайл Сейтбеков, жергілікті жауапты өкіл Нұрмаджан Миразизов, технолог мамандар Арайгүл Бақытқызы мен Еркетаң Мақсұтова қатысты.
Білікті мамандардың қатысуымен өткен бақылау-қадағалау барысында құс азығының шариғатқа сай таза болуы, қасапшылардың құсты қолмен бауыздауы, конвейрде айналу ұзақтығы, сулы ванна температуарсы (ошпарка), салқындатқышта сақтау мерзімі секілді барлық процесстің ҚМДБ халал стандарт талаптарына сәйкестігі анықталды.
Халал өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт талаптарын бұзушылық жайттарыы анықталмады.
Тексеріс соңында, Смайл Сейтбеков «Әулие-ата Феникс» кәсіпорны басшылығына халал индустриясын дамытуға қосқан еңбектеріне еліміздегі күллі халал өнімді тұтынушылардың ризашылығын білдіріп, жұмыстарына жеміс тіледі.
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі