СҚО: КЕЗЕКТІ ТЕКСЕРІС ТӘМАМДАЛДЫ
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің СҚО бойынша жауапты өкілі Абылай Құрсақов өз қарамағындағы сертификатталған кәсіпорындарда кезекті айлық тексеріс жұмыстарын өткізді.
Жоспар бойынша «Sandwich house», «Elit Doner Kebab», «Gippo» фаст-фуд орталықтары және «Нургужинов» жеке кәсіпкерлігіне қарасты ет дүкені тексерілді.
Тексеріс барысында, 2:2016 «Тамақтандыру қызметтері» және 3:2016 «Халал өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартының орындалуы мен қадағалануы басты назарға алынды.
Өңірлік бақылаушы-инспектордың қадағалауы мен технологтардың бақылауындағы жоғарыда аталған мекемелердің барлығы толықтай «ҚМДБ халал» стандарты талаптарына сай.
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі