Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

03 наурыз 2020

27

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ: КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІСІ ҮЗДІКСІЗ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Еліміз бойынша «ҚМДБ халал» сертификатына ие болған кәсіпорындар санының ауқымдылы бойынша алдыңғы қатардағы өңірлердің бірі – Алматы облысы.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жұмабеков Жанәбілдің бақылауындағы бірқатар кәсіпорындар тексерілді.

Кезекті тексеріс жұмысы Сембеков Даниярдың орындауымен Ұзынағаш ауылындағы «Восточный двор» мен «Тамаша» асханалары және Боралдай ауылында орналасқан «АСАН» кәсіпорнының жарма өнімдері мекемелерінде жүргізілді.

Қорытынды акт бойынша, мекемелерде стандарт талаптарын сақтамау және бұзушылық жағдайлары анықталмады. Тексеріс оң нәтижені көрсетті.

Алдағы уақытта қалған кәсіпорындарда айлық тексеріс жалғасатын болады.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: