«TURAN COLLAGEN» ТЕКСЕРІЛДІ
«Халал Даму» комиссиясының Шымкент қаласына бағытталған іс-сапарының соңғы күнінде «TURAN COLLAGEN» кәсіпорны тексерілді.
«ҚМДБ халал» стандартына сай жұмыс жасайтын кәсіпорында жүргізілген бақылау-қадағалау жұмысына халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі Смайл Сейтбеков, «Халал Дамудың» Шымкент қаласы бойынша жауапты өкілі Қазыбек Сарыбаев, технолог мамандар Еркетаң Мақсұтова мен Арайгүл Бақытқызы қатысты.
Қазақстан нарығында 3 жылға жуық жұмыс жасап келе жатқан «Turan Collagen» ЖШС-ң негізгі қызметі - протеин өнімдер өндірісі.
Шұжық өнімдері мен консервілі өнімдер секілді тағам нарығында сұранысқа ие сиыр малының ақуызынан жасалатын табиғи, порошок секілді белок дайындайтын ірі кәсіпорын. Жоғары сапалы техникалық құралдармен жабдықталған кәсіпорын күніне 20 тонна ақуыз өндіруге қауқарлы.
Негізгі өндіріс бағытынан бөлек 20-ға жуық тағамдық қоспа түрілерін де әзірлейді.
Компания өнімдері Ресей, Қырғызстан, Украина, Белорусь секілді алыс-жақын шет елдерге экспортталады.
Тексеріс барысында, «Халал өнімдерін өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау, сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартын» бұзушылық жағдайлары анықталмады. Жүргізілген бақылау-қадағалау жұмысы оң нәтижені көрсетті.
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі