ҚОСТАНАЙ: «ҚМДБ ХАЛАЛ» СТАНДАРТЫ НАСИХАТТАЛДЫ
ҚМДБ халал өнімдерін насихаттау бөлімінің Қостанай облысы бойынша жауапты өкілі Алишер Балахмет бірқатар кәсіпорындарда насихат жұмыстарын жүргізді.
ҚМДБ халал стандартына сәйкес өнім өндіру, өңдеу, дайындау, тасымалдау, сатуға қойылатын талаптар ерекшеліктері түсіндіріліп, шариғатымыздағы халал мен харам түсінігі, адал астың құлшылығымыз мен күнделікті өмірімізге беретін пайдасы, харамның ақыретіміз бен денсаулығымыз үшін тигізер зиянына да кеңінен тоқталып өтті.
Сонымен қатар, халал өнімдер дайындау технологиясы, рұқсат етілген және тиым салынған Е тағамдық қоспалар, халал стандарты бойынша тағамдық қызметтер ерекшелігі, шариғат және халал стандарт талаптарына сай мал сою және ет өңдеудің маңызды тұстары да айтылды.
Кәсіпорын басшылықтарын халал стандартқа сәйкес өнім өндіре отырып қызмет етуге шақырды.
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі