Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

04 наурыз 2020

97

Жаңалықтар

«ЭМИР» ІРІМШІКТЕРІ ӨНДІРІСІ ҚАДАҒАЛАНДЫ

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімі мамандарының Шымкент қаласында өткізілген іссапары барысында «Эмир» сауда белгісімен ірімшік өнімдерін шығаратын «Айкан» кәсіпорнында бақылау-қадағалау жұмыстары жүргізілді.

Кезектен тыс комиссиялық тексеріске бөлім меңгерушісі Смайл Сейтбеков, «Халал Дамудың» Шымкент қаласы бойынша жауапты өкілі Қазыбек Сарыбаев, технолог мамандар Арайгүл Бақытқызы мен Еркетаң Мақсұтова қатысты.

«ҚМДБ халал» сертификатына ие болған «Айкан» кәсіпорны 9 түрлі ірімшік өнімдерін өндіретін бірегей мекемелердің бірі.  

Мамандардың қатысуымен өткізілген жан-жақты бақылау кезінде өндіріс орнының халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау, сату стандарты талаптарын толықтай орындай отырып өнім өндіруі қатаң қадағаланды.

Тексеріс барысында стандарт талаптарын орындамау жағдайлары анықталмады. Кәсіпорын өндіріс кезінде технолог мамандардың келісімімен бекітілген шикізат көздерін, тағамдық қоспаларды қолданатындығына көз жеткізілді. Цехтың тазалығы да  санитарлық талаптарға толықтай сай.

Бақылау жұмысын қорытынылай келе, бөлім меңгерушісі С.Сейтбеков «Эмир» кәсіпорны басшылығына, халал индустриясын дамытуда қосқан үлесі үшін ризашылығын білдіріп, тұтынушылардың алғысын жеткізді.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: