Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

05 наурыз 2020

29

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛ.: 35 МЕШІТ АСХАНАСЫ СЕРТИФИКАТ АЛУҒА НИЕТ БІЛДІРДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аппарт басшылығының соңғы нұсқаулығына сәйкес еліміздегі мешіт жанынан ашылған барлық асханалар халал сертификаттаудан өтуі міндеттелді. Себебі, халал сертификатын бірінші кезекте мешіт асханасы алуы тиіс.

Осыған дейін, ірі қалалар мен аудан орталықтарындағы тек санаулы мешіттер «Халал Даму» талабына сай жұмыс істеп келсе, алдағы уақытта мұндай асханалар саны көбейеді деп күтілуде.

Осы тапсырма асында, «Халал Дамудың» Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жанәділ Жұмабековке қарасты Қарасай ауданынан 10 мешіт асханасы, Жамбыл ауданына қарасты 10, Талғар ауданынан 15 мешіт асханасы «ҚМДБ халал» сертификатын алуға ниет білдірді.

Алдағы уақытта технолог мамандар  мен жерігілікті жауапты өкіл мешіт асханаларын халал стандарты бойынша сертификаттау жұмысын жалғастыратын болады.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: