Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

05 наурыз 2020

38

Жаңалықтар

«ДЭМИ» ТАҒАМДЫҚ ҚОСПАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

 Халал стандарты бойынша сертификатталуды аса қажет ететін тағам өндірісіндегі басты саланың бірі – тағамдық қоспалар.

Тағамдық қоспалар - тағамдарды өндіру, өңдеу, дайындау, қаптау, тасымалдау және сақтау барысында өнімге қажетті дәм мен қалып, реңк, қоюлық немесе сұйықтық, сақталу мерзімін ұзарту секілді бірқатар технологиялық мақсатта қолданылады. Күнделікті қолданылатын бұрыш пен тұз да осы тағамдық қоспалардың қатарына жатады.

«Халал Дамудың» Алматы қаласы бойынша жауапты маманы Чадаев Маратханның қадағалануымен «ҚМДБ халал» сертификатына ие қоспалар тізмі «Рутамикс», «Стабимикс» сауда белгісімен шығарылдатын «ДЭМИ» мекемесінің тағамдық қоспаларымен толықты.

«ДЭМИ» кәсіпорнының тағамдық қоспалары лабораториялық зертханада тексеріліп, технолог мамандар мен жергілікті өкілдің бірлескен жұмысының қорытынды нәтижесінен кейін ғана «ҚМДБ халал» сертификатына ие болды.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: