Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

06 наурыз 2020

25

Жаңалықтар

ЖАМБЫЛ ОБЛ.: «ПЫШКА» ЖӘНЕ «ҚАРАКЕСЕКОВ» КӘСІПОРЫНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Жамбыл облысы бойынша жауапт өкілі Миразизов Нұрмаджан  халал индустриясын дамытуға үлес қосып, «ҚМДБ халал» стандарты бойынша өнім өндіретін өңірдегі «Пышка» және «Қаракесеков» кәсіпорындарына «Халал Дамудың» алғыс хатын табыс етті.

Н.МИразизов кәсіпорын басшылығына: «Ел игілігі үшін халал әрі таза өнім өндіру  – сауапты һәм жауапты іс. Осы жолда сіз бен біз бар біліміміз бен күш-қайратымызды жұмсап, аянбай еңбек етіп келеміз. Еліміздегі күллі мұсылманға, жалпы тұтынушыларға адал өнім ұсынудың жауапкершілігі тым жоғары. Бұл дүниеде де, ақыретте де сұрауы мен сұрағы қатал. Осы жолда атқарған тынымсыз еңбектеріңіз бен халал индустриясын дамытуға қосқан үлестеріңізге ризашылығымыз бен алғысымызды білдіреміз»,-деп «Халал Дамудың» ғана емес, тұтынушылардың да алғысын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі Смайл Сейтбековтың Жамбыл облысындағы іссапары барысында 20 кәсіпорын марапатталған болатын.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: