Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

06 наурыз 2020

28

Жаңалықтар

«ҚАҒАНАТ» АСХАНАЛАР ЖЕЛІСІНЕ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің бас технологы Айжан Омарова Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қағанат» асханалар желісінің басшылығы мен қызметкерлеріне оқу-семинар өткізді.

Оқу-семинар тағамдық қызметтер және халал өнімді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдауға қойылатын стандарт талаптары бойынша жүргізілді. Сонымен қатар, халал өнім технологиясы, рұқсат етілген және тиым салынған Е тағамдық қоспалар, халал стандарты бойынша тағамдық қызметтер ерекшелігі, шариғат және халал стандарт талаптарына сай мал сою және ет өңдеудің маңызды тұстары ашып айтылды.

Шариғатымыздағы халал мен харам түсінігі, адал астың құлшылығымыз мен күнделікті өмірімізге беретін пайдасы, харамның ақыретіміз бен денсаулығымыз үшін тигізер зиянына да кеңінен тоқталып өтті.

Естеріңізге сала кетейік, осындан  ай бұрын «Қағанат» асханалар желісі сертификаттың жарамдылық мерзімінің аяқталуына байланысты сертификат жаңартқан болатын.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: