Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

10 наурыз 2020

21

Жаңалықтар

Алматы өңірі: Халал өнімдерін стандарттау мәселесі талқыланды

Алматы облысының Талғар ауданында Халал өнімдерін стандарттау бойынша жиын ұйымдастырылып, Алматы өңірінің бас имамы Қуаныш Бақытбекұлы осы іс-шараға қатысып, ауданда атқарылып жатқан бірқатар игі шаралардың барысымен танысып, қала-ауыл имамдарымен кездесті.

Басқосуда сөз болған негігі мәселе ҚМДБ-на қарасты халал өнімдерін стандарттау бойынша атқарылған шаралар, тәжірибелер мен жетістіктер, сертификаттау барысында қойылатын талаптар жайында айтылды. Сонымен қатар мешіттер жанында жүйелі түрде жұмыс істеп тұрған асханалар мен хатымханаларды да сертификаттау керектігі баса айтылды.

Алматы өңірі бойынша 35 мекеме «ҚМДБ Халал» сертификаттарын алып, қызмет істеп отыр.

Жиын соңында ҚМДБ-ның 30 жылдық мерей тойына орай «30 ИГІ ШАРА» жобасы аясында атқарылатын іс-шаралар жоспары, ағартушылық және ағымдармен жұмыстарын жандандыру мәселелері баяндалды.

Бөлісу: