Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

10 наурыз 2020

22

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛ.: АУДАН ИМАМДАРЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жанәбіл Жұмабеков Іле ауданының имамдарына «Халал сертификаттаудың маңызы» тақырыбында оқу-семинар өткізді.

Семинарға Іле ауданына қарасты өңірлік мешіттерде қызмет ететін 25-ке жуық имамдар қатысты.

ҚМДБ-ға қарасты «Халал Дамудың» ЖШС-ң атқаратын қызметі мен міндеті, бағыттары, сертификаттау барысында қойылатын басты талаптардың  ерекшелігі, өнімдерді лабораториялық сынақтан өткізудің тиімділігі, бақылау-қадағалау жұмыстарының жүргізілуі, сертификатталған кәсіпорындарды қадағалаудың маңыздылығы түсіндірілді.

Сонымен қатар, халал өнімдер дайындау технологиясы, халал өнімдерді өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сатуға қойылатын стандарт талаптары,  рұқсат етілген және тиым салынған Е тағамдық қоспалар, халал стандарты бойынша тағамдық қызметтер ерекшелігі, шариғат және халал стандарт талаптарына сай мал сою және ет өңдеудің маңызды тұстары ашып айтылды.

Семинар барысында имамдар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп,  аудандық жерлерде «ҚМДБ халал» стандартына сай қызмет көрсететін асханалар мен өзге де кәсіпорындар санын арттыруды тапсырды.

Жиын соңында, ауданға қарасты 7 ауыл асханасы сертификат алуға өтініш білдірді.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: