ЖАМБЫЛ ОБЛ.: «ШАМАХСУТОВ» КӘСІПОРЫНЫ МАРАПАТТАЛДЫ
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Жамбыл облысы бойынша жауапты өкілі Миразизов Нұрмаджан халал индустриясын дамытуға үлес қосып, «ҚМДБ халал» стандарты бойынша шұжық өндіретін «Шамахсутов» кәсіпорнына «Халал Дамудың» алғыс хатын табыс етті.
Кәсіпорын басшылығына: «Ел игілігі үшін халал әрі таза өнім өндіру – сауапты һәм жауапты іс. Осы жолда сіз бен біз бар біліміміз бен күш-қайратымызды жұмсап, аянбай еңбек етіп келеміз. Еліміздегі күллі тұтынушыларға адал өнім ұсынудың жауапкершілігі тым жоғары. Осы жолда атқарған тынымсыз еңбектеріңіз бен халал индустриясын дамытуға қосқан үлестеріңізге ризашылығымыз бен алғысымызды білдіреміз»,-деп «Халал Дамудың» ғана емес, тұтынушылардың да алғысын жеткізді.
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі