Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

11 наурыз 2020

22

Жаңалықтар

«ТОЙБОСС» ШҰЖЫҒЫ СЕРТИФИКАТ ЖАҢАРТТЫ

«ҚМДБ халал» стандартына сай жұмыс жасайтын ірі шұжық кәсіпорындарының бірі – «ТОЙБОСС». Аталған компания сертификаттың жарамдылық мерзімінің аяқталуына байланысты, «ҚМДБ халал» сертификатын қайта жаңартты.

«Халал Дамудың» Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Чадаев Маратхан мен технолог мамандардың сертификаттау алдын, бірлесе жүргізген жұмыс қорытындысының оң нәтижесінен кейін, Чадаев Маратхан «Тойбосс» кәсіпорны басшылығына «ҚМДБ халал» сертификатын табыстады.

«Тойбосс» - 2012 жылы негізі қаланып, қысқа уақыттың ішінде Қазақстан және Қырғызстан нарығында сапалы әрі халал ет өнімдерін ұсынып келе жатқан ірі компания.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: