Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

13 наурыз 2020

28

Жаңалықтар

МАМАНДАР «ҚЫЗЫЛЖАР ҚҰС» ФАБРИКАСЫН ТЕКСЕРДІ

Павлодар өңіріне арнайы іссапармен барған ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің бас технологы Айжан Омарова мен ветеринар маманы Сафиев Данияр және «Халал Дамудың» жергілікті өңірге жауапты маманы Какенов Қазбек «Қызылжар құс» құсфабрикасында кезекті тексеріс жұмыстарын жүргізді.

Білікті мамандардың қатысуымен өткен бақылау-қадағалау барысында құс азығының шариғатқа сай таза болуы, қасапшылардың құсты қолмен бауыздауы, конвейрде айналу ұзақтығы, сулы ванна температуарсы (ошпарка), салқындатқышта сақтау мерзімі секілді барлық процесстің ҚМДБ халал стандарт талаптарына сәйкестігі анықталды.

Халал өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт талаптарын бұзушылық жайттары анықталмады.

Тексеріс соңында, мамандар «Қызылжар құс» кәсіпорны басшылығына халал индустриясын дамыту жолындағы еңбектеріне ризашылықтарын білдірді.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: