Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

14 наурыз 2020

31

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ: МЕШІТ АСХАНАЛАРЫ СЕРТИФИКАТТАЛАТЫН БОЛАДЫ

Қарағанды облысының Бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы мен «Халал Дамудың» Қарағанды қаласы бойынша жауапты өкілі Абдрахманов Ысқақтың қатысуымен өткен жиында бірқатар мешіт асханалары «ҚМДБ халал» сертификатын алуға өтініш білдірді.

Басқосуға аумақтағы мешіт имамдары мен қызметкерлері шақыртылып, «ҚМДБ халал» сертификатын алудың маңыздылығы мен басты талаптары түсіндірілді.

ҚМДБ Аппарат басшылығының соңғы мәлімдемесіне сәйкес, еліміздегі тұрақты түрде қызмет көрсететін мешіт асханаларының халал стандарт талаптарына сай жұмыс істеуі міндеттелгендігі жеткізілді.

Алдағы уақытта өңірдегі мешіт асханалары «Халал Дамудың» жергілікті жауапты өкілінің тұрақты бақылау-қадағалауымен жұмыс жасайтын болады.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: