ШЫМКЕНТ: «ХАЛАЛ КӘСІПТІҢ БЕРЕКЕСІ» УАҒЫЗЫ ӨТКІЗІЛДІ
Шымкент қаласында «Халал Дамудың» жергілікті жауапты өкілі Сарыбаев Қазбек жамағатқа «Халал кәсіптің берекесі» тақырыбында уағыз-насихат өткізді.
Халалдың маманы Сарыбаев Қазбек: «ҚМДБ халал» стандарты бойынша қызмет көрсететін кәсіпорындар санының ауқымдылығы жағынан алғашқылардың бірі саналатын Шымкент өңірі халқының халал азық-түлікке деген сұранысы жоғары. Бұл халықтың халал жөнінде түсінігінің кеңейіп, білімінің молайғандығының бір көрінісі деуге әбден болады. Халыққа пайдалы да құнды ақпаратты жеткізу үшін жиындар өткізіп тұру өте маңызды»,-деп жамағатқа осындай басқосуларға жиі қатысып, халал жөнінде білім алудың қажеттілігін түсіндірді.
Жиын барысында «ҚМДБ халал» стандарты бойынша өнім өндірудің технологиясының өзгешелігі мен ерекшеліктері, қойылатын негізгі талаптары, зертханалық тексерістен өту процессі, бақылау-қадағалау жұмыстарының жүргізілуі толықтай түсіндірілді.
Сонымен қатар, шариғатымыздағы «Халал және харам» ұғымы, «Е тағамдық қоспалар», шариғат талаптарына сай өнім өндіру мен тұтынудың пайдасы жөнінде айтылды.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі