Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

16 наурыз 2020

28

Жаңалықтар

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ КӘСІПОРЫНДАРЫНДА ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚМДБ қарасты “Халал Даму” ЖШС-ның  бас сарапшы технологы Омарова Айжан Қалмаханқызы, «Халал даму» ЖШС-ның ветеринариялық санитария маманы Сафиев Данияр Бақзейнелұлы және  Павлодар облысы бойынша Халал Даму өкілі Какенов Казбектер Павлодар өңіріне қарасты бірқатар кәсіпорындарды тексерді.

Соның ішінде «Қызылжар» ЖШС Құс фабрикасы,  «Абай» ЖШС  ет камбинаты және  «Группа Интер» аталатын Пахомовский ұн өнімдерін жасайтын наубайханаларда болып кезекті тексеріс жұмыстарын жүргізді. «Абай» ЖШС  ет камбинаты қысқа уақыттың ішінде  Араб, Мысыр  нарығында сапалы әрі халал ет өнімдерін ұсынып келе жатқан  компания болып табылады.

Қорытынды акт бойынша, мекемелерде стандарт талаптарын сақтамау және бұзушылық жағдайлары анықталмады. Тексеріс оң нәтижені көрсетті.

Алдағы уақытта қалған кәсіпорындарда айлық тексеріс жалғасатын болады.

Сонымен қатар«Тағам» асхана желісінің халал сертификатын жаңартты.

Соңында қалалық мешіттердің әйелдер қыздар секторы жауаптылары мен белсенді әйел жамағатты қатыстырып халал тағам түрі, тағамдық (Е) қоспалар жайында арнайы семинар өткізді.  «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде өткен бұл еминар аясында қатысушыларға шариғатымыздағы халал мен харам түсінігі, адал астың құлшылығымыз мен күнделікті өмірімізге беретін пайдасы, харамның ақыретіміз бен денсаулығымыз үшін тигізер зиянына да кеңінен тоқталып өтті. Семинар соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

"Мәшһүр Жүсіп" мешітінің баспасөз қызметіhttp://mazhab.kz/kk/janalyqtar/el-ishi/pavlodar-oblysy-kasiporyndarynda-tekseris-jurgizildi-1947/

Бөлісу: