ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ: 8 МЕШІТ АСХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛАДЫ
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жұмабеков Жанәбіл Еңбекшіқазақ ауданы мешітінде имамдарға халал тақырыбында оқу-семинар өткізді.
Семинар барысында, ҚМДБ-ға қарасты «Халал Дамудың» атқаратын қызметі мен міндеті, бағыттары, сертификаттау барысында қойылатын басты талаптардың ерекшелігі, өнімдерді лабораториялық сынақтан өткізудің тиімділігі, бақылау-қадағалау жұмыстарының жүргізілуі, шет елдік және отандық сертификатталған кәсіпорындарды қадағалаудың маңыздылығын түсіндірді.
Сонымен қатар, Аппарат басшылығының соңғы тапсырмасына орай, еліміздегі тұрақты жұмыс істейтін мешіт асханаларының халал сертификаттаудан өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Жиын соңында, 8 мешіт асханасы сертификат алуға өтініш білдірді.
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі