Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

16 наурыз 2020

32

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ: КОНДИТЕРЛІК ДҮКЕН СЕРТИФИКАТТАЛУ БАРЫСЫНДА

«Халал Дамудың» Қарағанды қаласы бойынша жауапты өкілі Ысқақ Абдрахмановтың бастамасымен жүргізілген ауқымды шаралар мен ақпараттандыру және насихаттау жұмыстарының нәтижесінде, өңірде «ҚМДБ халал» стандарты бойынша өнім өндіріп, қызмет көрсететін кәсіпорындар саны артып келеді.

Соның бірі, «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталуға өтініш білдірген «Ханни» кондитерлік дүкені. Жауапты өкіл Ысқақ Абдрахманов кондитерлік дүкеннің өндіріс аймағында алғашқы бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, сынақ нәтижесі технолог мамандарға тапсырылды.

Алдағы уақытта берілген сынақ мерзімінен оң нәтижені көрсетіп, стандарт талаптарын толық сақтаған жағдайда сертификат табысталатын болады.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: