ТАЛДЫҚОРҒАН: «TANDOOR» АСХАНАСЫ СЕРТИФИКАТ ЖАҢАРТТЫ
«ҚМДБ халал» стандартына сай қызмет көрсетіп, өнім өндіретін Талдықорған өңіріндегі «Tandoor» асханасы сертификат мерзімінің аяқталуына байланысты, халал стандартқа сәйкестігін растайтын құжатты қайта жаңартты.
«Халал Дамудың» жергілікті жауапты өкілі Аман Медетбековтың бақылауындағы «Tandoor» асханасы ай сайын тексеріліп, жіті қадағаланып тұрады. Осы мерзімге дейін «ҚМДБ халал» стандарт талаптарын бұзушылық, технолог мамандар бекіткен өнімдерден өзге шикізат көздері мен тағамдық қоспаларды қолдану жағдайлары анықталмады. Асхана басшылығы мен аспаздары «Халал Даму» мамандары растаған, шариғат бойынша рұқсат етілген азық-түліктерді ғана қолданады.
«Tandoor» асханасы 2:2016 «Тамақтандыру қызметтері» және 3:2016 «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сатуға, тасымалдауға және сақтауға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сәйкес сертификатталды.
Талдықорған қаласы, Назарбаев көшесі 99 үй мекен-жайы бойынша тіркелген «Tandoor» асханасы қала қонақтары мен тұрғындарына халал әрі дәмді ас мәзірін ұсынады!
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі