АҚТӨБЕ: «MY BRO» ЕТ ДҮКЕНІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Ақтөбе қаласындаңы «ҚМДБ халал» кәсіпорындары тізімі, жаңа ет дүкенімен толықты.
«My Bro» атауымен тіркелген ет дүкені қалал тұрғындары мен халал өнімді тұтынушыларға шариғат талаптарына сай бауыздалып, өңделген, адал ет өнімдерін ұсынатын болады.
«Халал Дамудың» Ақтөбе қаласы бойынша жауапты өкілі Абдисаламов Жарасхан мен технолог мамандардың бірлескен жұмысынан кейін, жоғарыда аталған ет дүкені 1:2016«Мал бауыздау және ет өңдеу», 3:2016 «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сатуға, тасымалдауға және сақтауға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сәйкес сертификатталды.
Алдағы уақытта ет дүкені жұмысы жергілікті инспектор-контролердің жіті қадағалауында болады.
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі