ТАРАЗ: 40 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ
«Халал Дамудың» Тараз қаласындағы өкілі Миразизов Нұрмаджанның бақылауындағы кәсіпорындар мен өңірлік «Зекет қоры» 40 отбасыға қайырымдылық ретінде азық-түлік таратты.
Ел ішін дүрбелеңге салған індет кезінде негізгі қиындық жағдайы төмен, жұмысын уақытша тоқтатқан отбасыларға түсері анық. Осындай кезде қол ұшын созған діни басқарманың «Халал Даму» және «Зекет қоры» Бас имам Қанат Жұмағұлмен бірге көмекке зәру отбасыларды аралап, мұң-мұқтажына құлақ асып, қажетті деген өнімдермен қамтамасыз етті.
Мұндай шара өңірде өз жалғасын табуда.
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі