ТАЛДЫҚОРҒАН: ТЕКЕЛІ ҚАЛАСЫНА 350 000 ТЕҢГЕЛІК ЖӘРДЕМ КӨРСЕТІЛДІ
Талдықорған қаласындағы «Халал Дамудың» Аман Медетбеков бастаған өкілдігі мен өңірлік «Зекет қоры» Текелі қаласының 45 отбасына 250 000 теңгелік азық-түлік таратып, 100 000 теңге көлеміндегі қаржылай көмек көрсетті.
Еліміздің бірқатар өңірлерінде, атқарылып жатқан бұндай қайырымдылық шаралары қауіпті індет себебінен қиындыққа тап болған отбасыларға, уақытша жұмысын тоқтатып, қаржылай қиындыққа ұшыраған жандарға көрсетілуде.
Талдықорған өңірінде әлі де бірқатар қайырымдылық шараларының атқарылуы жоспарлануда.
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі