Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

01 сәуір 2020

22

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛ: 400 000 ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ

«Халал Дамудың» Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жұмабеков Жанәбіл мен өңірлік «Зекет қорының» бастамасымен облыс аймағында жалпы саны 400 000  теңгелік қайырымдылық шарасы атқарылды.

Атап айтқанда, блок бекеттердегі әскери және медицина қызметкерлеріне, жолаушыларға ыстық тамақ жеткізіліп, жағдайы төмен отбасыларға қажетті азық-түлік үлестірілді. Сонымен қатар, карантин кезінде сыртқа шығу мүмкіндігі болмаған, қариялар мен мүмкінлігі шектеулі жандарға азық-түлік ретінде бірқатар көмек шаралары көрсетілді.

Игі іске белсене кіріскен «Халал Даму» және «Зекет қоры» өкілдері облыс аймағындағы алыс-жақын аудан, ауылдарға қажетті азық-түліктерді өздері жеткізуде.

Елімізде карантин басталғаннан бері қолға алынған қайырымдылық шарасы қызу жалғасып жатыр.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: