АЛМАТЫ: «ТРАПЕЗА» АСПАЗДЫҚ ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Чадаев Маратхан «Трапеза» сауда белгісімен кеңінен танылған аспаздық және кондитерлік өнімдер өндіруші «Сердичи Л.Г» кәсіпорнына сертификат табыстады.
"Халал Дамудың" маманы Чадаев Маратхан мен технолог мамандардың бірлескен жұмысынан кейін, кәсіпорынның өндіріс стандарт талаптары толық орындағаны анықталып, сертификаттау жөнінде шешім қабылданды.
Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне «ҚМДБ халал» стандарты бойынша өнім өндіру, дайындау, өңдеу, тасымалдау, сату, тағамдық қызметтер, «Е тағамдық қоспалар», халал өнімдер технологиясы бойынша семинар өткізілді.
«Сердичи Л.Г» мекемесі еліміздің барлық өңірлеріне және Қырғызстан Республикасына «Трапеза» сауда белгісімен 100-ден аса наубайхана және кондитерлік өнім түрлерін тасымалдайды..
Кәсіпорын жоғары сапалы, соңғы үлгідегі техникалық құралдармен жабдықталған.
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі