Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

02 сәуір 2020

47

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛ.: «НҰРЛЫ ҚҰС» КӘСІПОРНЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Елімізде жарияланған төтенше жағдайларға қарамастан, шалғай аудандарда орналасқан кейбір кәсіпорындар жергілікті жауапты өкілдердің көмегімен айлық тексерістен өтуде.

Солардың бірі - Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Нұрлы ауылында орналасқан «Нұрлы құс» фабрикасы.

«Халал Дамудың» Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жұмабеков Жанәбілдің басшылығымен «Нұрлы құс» құс фабрикасында бақылау-қадағалау жұмыстары жүргізілді.

Тексеріс қорытындысы бойынша, құстардың жемі, өсірілуі, бауыздалуы, сақталуы, тасымалдануы стандартқа толығымен сәйкес келетіндігі, құс фабрикасы жұмысының барлық кезеңінде халал стандарт талаптары толығымен сақталғандығы анықталды.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: