Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

15 сәуір 2020

30

Жаңалықтар

«ҚМДБ ХАЛАЛ» ТАҢБАСЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНҒАН «АМАН» ШҰЖЫҒЫ

«Халал Даму» мамандары тарапынан жүргізілген тексеріс кезінде «ҚМДБ халал» таңбасын заңсыз пайдаланатын мекемелер кездесіп жатады.

«Халал Дамудың» Ақтөбе қаласы бойынша жауапты өкілі Абдисаламов Жарасхан «АМАН» сауда белгісімен шығарылатын шұжық өнімінде «ҚМДБ Халал» таңбасын заңсыз пайдаланғанын анықтады.

Ақтөбе қаласы, Тарақұл көшесі 41а мекен-жайы бойынша тіркелген жеке кәсіпкер «СӘУЛЕБАЕВА Р.К»-ге тиесілі «АМАН» шұжық өнімдері басшылығына «Халал Даму» мамандары тарапынан «ҚМДБ Халал» таңбасын заңсыз пайдаланбау және қаптамадан халал белгісін алып тастау жөнінде бірнеше рет ескерту жасалынды. Ескерту кезінде жеке кәсіпкер «Сәулебаева Р.К» шұжық кәсіпорнын жабатындығын, қаптамадан «ҚМДБ халал» белгісін алып тастайтындығын, кейін заңды түрде сертификаттаудан өтетіндігі туралы түрлі сылтаулар айтып, алайда, ескертуге құлақ аспаған. Бүгінгі күнге дейін шұжық кәсіпорыны «ҚМДБ Халал» таңбасын заңсыз пайдалануды доғарар емес.

Сол себепті, тұтынушылар назарына, Ақтөбе қаласында шығарылатын «АМАН» шұжығындағы «ҚМДБ Халал» таңбасының заңсыз екенін хабарлаймыз.

Елімізде жарияланған төтенше жағдай аяқталғаннан кейін, «ҚМДБ Халал» таңбасын заңсыз пайдаланған «Аман» сауда белгісінің иесі «СӘУЛЕБАЕВА Р.К» есімді жеке кәсіпкерге заң аясында тиісті шара қолданатын боламыз.

Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: