Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

20 сәуір 2020

35

Жаңалықтар

«ХАЛАЛ ДАМУ» ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

 Бас мүфтидің бұйрығымен ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ң директоры қызметіне тағайындалған Айбек Аташев мекеме қызметкерлерімен жиналыс өткізді.

Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі  Смайл Сейтбеков  мекеме қызметкерлерін жаңа басшымен таныстырып, осы уақытқа дейін «Халал Дамуда» атқарылған жұмыс барысын баяндап, нәтижелерін бөлісті.

 «Халал Дамудың» басшылық қызметін қолға алған Айбек Асқарбекұлы: «Халал жолындағы қызмет - күллі мұсылманның дүниесі ғана емес, ақыреті үшін жауапкершілік сезіне отырып, еңбек ету. Адалдықты талап ететін ететін бұл салада сіз бен біз бірлесе, бір-бірімізге қолдау көрсетіп, қызмет етеміз деп сенемін»,- дей келе қызметкерлердің функцияналдық міндетімен танысты.

Жиын соңында, қызметкерлерге нақты тапсырма бере отырып, БАҚ және халыққа насихат саласында бірқатар жетілдіру шараларын жүргізу керектігін және халықаралық JAKIM ұйымынан аккредиттеуден өтуге жұмыс барысын пысықтауды тапсырды.

"Халал Даму" ЖШС-ң баспасөз қызметі

Бөлісу: