Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

23 сәуір 2020

34

Жаңалықтар

"ХАЛАЛ ДАМУ" ДИРЕКТОРЫ РАМАЗАН АЙЫНЫҢ БАСТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚМДБ-ға қарасты "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы  күллі мұсылман қауымын айлардың сұлтаны,  қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, халал индустриясы  саласында бірлесе  қызмет ететін кәсіпорындарға құттықтау хатын жолдады.

"Санаулы сағаттан соң басталатын қасиетті Рамазанға жеткізген Аллаға сансыз шүкір!

Рамазан - адамзатты татулық пен бейбітшілікке, мейірім мен ізгілікке үндейтін, Раббымыздың мейрім-махаббатына бөленетін ай. Бұл айда ораза ұстау - мұсылмандық шарттың бірі, әрі, рухани жаңару мен қуаттың бірден-бір көзі.

Он екі айдың сұлтаны, иісі мұсылманның сүйікті айында ұстаған оразамыз бен барша ізгі амалдарымыз қабыл болсын! Алла Тағала ниетіміз бен амалымызды қабыл етіп, баршамызды Рамазаннан Рамазанға дейін айдан аман, жылдан есен жеткізе бергей!

Берекелі, мерекелі айдың барша берекеті мен жақсылығы Сіз бен бізге дарығай.

Осыған орай, сізге және басшылығыңыздағы кәсіпорын қызметкерлеріне халал индустриясын дамытуға қосып жатқан еңбектеріңіз үшін ризашылығымды білдіріп, абыройлы да жауапты қызметтеріңізге табыс тілеймін.

Рамазан айы құтты болсын!",- делінген құттықтау хатында.

"Халал Даму" баспасөз қызметі

Бөлісу: